Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
1165 0 пікір 8 Наурыз, 2026 сағат 16:15

Конституциялық өзгерістер: Астанада медицина қызметкерлері жаңа Конституцияны талқылады

Сурет: elordainfo.kz сайтынан алынды.

Бүгін Астанада №15 қалалық емханада жаңа Конституция жобасы мен жүргізіліп жатқан реформаларды талқылауға арналған кездесу өтті.

Жиында Астана қаласы мәслихатының депутаты Мәдина Әжікенова, Amanat партиясы қалалық филиалы саяси бөлімінің басшысы Әбдіғани Бәзілханұлы, Respublica партиясы фракциясының менеджер-талдаушысы Жақсылық Киікбаев билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесу барысында азаматтардың шешім қабылдаудағы рөлін кеңейту, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қозғалды.

Өңірлік деңгейдегі реформаларды іске асырудағы мәслихаттардың рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, конституциялық өзгерістер азаматтардың күнделікті өміріне және ұйымдардың қызметіне қалай әсер ететінін талқылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 956
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2455
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 657
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 637