Header Banner
Сейсенбі, 10 Наурыз 2026
Жаңалықтар 121 0 пікір 10 Наурыз, 2026 сағат 14:41

Шымкент: Футболшылар төбелесіп, аураханаға түсті

Сурет: The PESA сайтынан алынды.

Шымкентте «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командаларының ойыншылары арасында жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпаратқа қатысты Ақтөбе клубының баспасөз қызметі түсініктеме берді. 

«Ақтөбе» футбол клубы әлеуметтік желілерде таралып жатқан Шымкентте өткен жастар матчындағы қақтығыс туралы төмендегідей хабарлайды. Шымкент қаласында жергілікті «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасында бақылау матчы өтіп жатты. Екінші таймның басында ойын эпизоды нәтижесінде келіспеушілік орын алып, арты жаппай төбелеске ұласты. Өкінішке қарай, жанжал салдарынан «Ақтөбенің» екі жас ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағы сынып, екіншісі ерін (иек) жарақатын алды. Алғашқысына ота жасалады, - деп хабарлады «Ақтөбе» футбол орталығының ресми аккаунты.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң сынай отырып, тиісті органдар аталмыш жағдайды мұқият тергейді деп сенім білдіреді.

«Ақтөбе» футбол орталығының баспасөз қызметі жасөспірімдеріміздің тез сауығуын тілейтінін және ем үшін қажеттінің бәрін жасайтынын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір