Header Banner
Сәрсенбі, 11 Наурыз 2026
Жаңалықтар 77 0 пікір 11 Наурыз, 2026 сағат 14:55

2026 жылы Астанада таеквондодан үш халықаралық турнир өтеді

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі сайтынан алынды.

ҚР ҰОК мәліметінше, 22-23 маусым аралығында Altaic Cup турнирі өз жалауын көтереді.

Одан екі күн өткен соң, 25 маусымда Kazakhstan Open-2026 жарысы басталады. Турнир 27 маусымға дейін жалғасады.

Ал халықаралық жарыс күнтізбесіндегі ең маңызды додалардың бірі - Гран-при финалы. Бұл жарыс 28-29 қараша аралығында өтеді.

Айта кетейік, Алкмарда өтетін батут гимнастикасы бойынша әлем кубогының екінші кезеңіне Қазақстан құрамасынан 3 спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы қысқы Паралимпиадада 22-орынға табан тіреді.

Abai.kz

0 пікір