Header Banner
Бейсенбі, 12 Наурыз 2026
Жаңалықтар 93 0 пікір 12 Наурыз, 2026 сағат 16:33

Былтыр 12 тоннадан астам есірткі тәркіленген

Сурет: Википедиядан алынды.

Қазақстанда өткен жылы 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөзі мәлімдеді. 

– 2025 жылы 1 тонна 189 келі синтетикалық есірткі, 10,1 тонна марихуана, 857 грамм кокаин, 715 келі гашиш, 466 грамм героин тәркіленді, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ есірткі қылмысын жасағаны үшін 5 758 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың 74-і кәмелетке толмағандар. Айта кетейік мұндай қылмыс үшін азаматтарға 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

– 2025 жылы 13 есірткі зертханасы анықталып жойылды. Былтыр 1 наурызда есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты заңнаманың күшейтілгеніне байланысты олардың саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайған. 2021 жылы 17, 2022 жылы 20, 2023 жылы 29, 2024 жылы 37 есірткі зертханасы жойылған болатын, - делінген ресми жауапта.

Сонымен бірге 2025 жылы есірткіні жарнамалаумен және сатумен айналысқан 10 289 онлайн-ресурс жойылған.

Abai.kz

0 пікір