Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
Жаңалықтар 158 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 11:35

Қонаевта референдум күні тұрғындар дауыс беру учаскелеріне ретроавтокөліктермен келді

Сурет: Аслан Кажеке.

Республикалық референдум күні Қонаев қаласында ретроавтокөліктердің автошеруі өтті. Акцияға қатысушылар дауыс беру учаскелеріне көне автокөліктермен келіп, ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаға бейжай қарамайтынын және азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Ерекше бастаманың авторы — Қонаев қаласының құрметті азаматы, меценат Мурат Сергебаев.

Сурет: Аслан Кажеке.

Сәні мен салтанаты жарасқан ретроавтокөліктер колоннасы қаланың орталық көшелерімен жүріп өтті. Сирек кездесетін көліктер тұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырып, көпшілік оларды тамашалап, суретке түсіп, әсерлерімен бөлісті. Автошеру референдум күні қала өміріне ерекше сән беріп, есте қаларлық шаралардың біріне айналды.

Сурет: Аслан Кажеке.

Мурат Сергебаев — Қонаевтағы белгілі кәсіпкерлердің бірі. Ол қайырымдылық жобаларға белсенді қатысып, қаладағы қоғамдық бастамаларды қолдап келеді. Сонымен қатар ол қаладағы бірегей нысандардың бірі саналатын ретроавтокөліктер музейінің негізін қалаушы.

Референдум күні Мурат Сергебаев өзі тіркелген учаскеге барып, азаматтық таңдауын жасады.

«Бүгін мен республикалық референдумға қатысып, өз дауысымды бердім. Кәсіпкер ретінде тұрақтылық пен заң үстемдігі бизнестің дамуына тікелей әсер ететінін жақсы түсінемін. Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте қоғамның бірлігі аса маңызды», — деді ол.

Abai.kz

0 пікір