Бейсенбі, 13 Тамыз 2026
46 - сөз 1257 0 пікір 31 Шілде, 2026 сағат 12:53

Біз туристерді қалай қабылдауымыз керек?

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Қазір біздің елде туризм туралы көп айтылады, себебі, келіп жатқан туристер саны жылдан жылға арту үстінде. Әрине, бұл құбылысты еліміздің кейбір өңірлері мүлдем сезінбейді десек те,  бірқатар өңірлер туристердің көптеп келуінің өз тұрмыс‑тіршілігіне  тигізер әсерін анық байқай бастады...

Туризмнің мегаполиcтерге тигізер оң әсері туралы

Әдеттегідей, оның әсерін алдымен сезінуші қала – Алматы қаласы.  Әрине, бұл қала бюджеті үшін жағымды құбылыс, әрі, туристер Алматының халықаралық иммиджін қалыптастыруға өз үлесін қосуда ‑ қалаға келіп, оның табиғатын тамашалаған бір турист, өз елінен тағы бірнеше туристің Алматыға сапарлауына ықпал етеді.

Соған сай, Алматы қаласы да өзінің инфрақұрылымын осы үдеріске сай дамытуға бет бұруда: қаланың орталық аудандарынан көптеген туристерге арналған қонақүйлер салынып, инфрақұрылым туризмге бейімделе бастады...

Қазірдің өзінде Алматыдағы әйгілі «Көк базар» маңында, Қазыбек би мен Ш.Қалдаяқов көшелері қиылысында әлемдік брендке ие қонақ үй құрылысы аяқталуға жақын. Ал, Ш.Қалдаяқов пен Гоголь көшесі қиылысында  туристерге арналған қонақ үй жыл бойы жұмыс жасауда. Одан өзге аудандарда, әсіресе, Достық көшесімен жоғары өрлеген сайын, шет елдік туристерге арнап салынған ірілі‑уақты қонақүйлер орналасқан.

Иә, бұл процесс тек инфрақұрылымда ғана емес, сонымен туристерге сервистік қызмет көрсету саласын дамытуда. Туризм мамандығын оқытатын оқу орындарының да саны артуда.

Соныммен бірге, туризм саласын цифрландыру қабаты жүзеге асуда. Осы тұрғыда Қазақстан бұрынғы ТМД  елдерінің көбінен көш ілгері алға кетті деп мақтанышпен айтуға да болады!

Туристер мен қала тұрғындары арасындағы қайшылық туралы

Бірақ, ірі мегаполистер үшін туризм тек пайда әкелумен өлшенбейді. Оның салмағы қосалқы түрде қала тұрғындарына да жүктеледі. Сондықтан, туризмді дамыту барысында қала әкімшілігі жегілікті тұрғындардың өмір сүруін қолайсыз жағдайға ұшыратпаудың жолдарын үнемі қарастырып отыруы керек.

Мәселен, кейбір қонақ үйлер асхана және өзге де сервистік қызмет түрлерін толық қамтыған. Онда келген туристерге локалды қызмет ету толық қамтылған. Алайда, өкінішке орай, барлық қонақ үйлер сондай деңгейде емес. Кейбір қонақ үйлерде бұл мәселе толық шешілмеген. Сөйтіп, ол қонақ үйлер қалалық инфрақұрылым жүйелеріне қосымша салмақ жүктейді. Келген туристер ол үшін ешқандай ақша төлемейді, қызметті тегін қолданады. Салмақ жергілікті бизнес құрылымдарға, кейде, тұрғындарға түседі.

Мысалы, күн сайын Кок базар алдындағы траллейбустар мен автобус тоқтайтын аялдамаға екі‑үш туристік автобусы келіп, тоқтайды. Туристер базарды аралайды.  Ол дұрыс, базар – маңызды туристік нышандардың бірі. Бірақ, оның зардабын аялдамада сығылысқан троллейбустар мен автокептелістен көз ашпаған жергіліктіі тұрғындар көруде. Осы маңайдағы ауаның түтіннен ластануы да жоғары деңгейде. Ол тұрғындардың өміріне зиянын тигізуде.

Келетін туристер ағылып «Лотте‑Рахат» кондитерлік фабрикасының жергілікті тұрғындар үшін ашып қойған дүкеніне лап қояды. Сөйтіп, ол жерде тәттілер қорап‑қорабымен сатылуда. Бұл әрине фабрикаға тиімді, олар бағаны туристердің сұранысына сай өсіріп тастайды. Ал кейбір пешени мен кәмпит түрлерін тұрғындар көрмейтін де болды.

Ендеше, «Қала әкімдігі «Рахат» дүкендерін туристер орналасқан қонақ үйлерінде ашып, оларға тәттіні тікелей жеткізіп беруді қонақ үй қожайындарына неге міндеттемейді?» деген заңды әрі әділетті сұрақ туады. Ал, Көк базар маңындағы Лотте‑Рахат дүкені өз тауарларын жергілікті тұрғындарға «жергілікті бағамен» сатуын жалғастыра берсе – халық оған риза болмай ма? 

Туристердің «көше мәдениеті» неге бақылауға алынбайды? 

Тағы бір мәселе – туристердің «көше мәдениетінің» біздің елдің мәдениетінен өзгешелігі деуге болады. Біз, қазақстандықтар, қай елге барсақ та, сол елдің мәдениетін білуге, оны сақтауға бейім халықпыз. Осы жағынан, қазақ халқы әлемдегі өте мәдениетті халықтардың қатарында деуге болады.

Осы мәдениетті біз өз елімізде де ұстанамыз: «ұят болады»,  «астамшылық жасама», «дауысыңды көтерме», «оғаш қылықтан аулақ бол» дегендей ұстанымдар біздің елдің әр азаматына бала кезден тәрбиемен бойына сіңдіріледі.

Бірақ, өзге елдерде ондай емес. Мысалы, Көк базарда жүрген үндістер, әлде, пәкістандықтар, қытайлар және өзгелер базардағы аралық жолды жауап тастап, өздері улап‑шулап сауда жасап, не «шүйіркелесіп» түрғанын күнде көреміз.  Олар тротуарларды топ‑тобымен жауып тастап, әңгімелесіп тұра береді, бұл жерден тадамдар өтеді дегентой қаперіне кірмейді...  Біз болсақ, олардың оғаш қылығын көре тұра,  сыпайылылық танытып, қысылып‑қымтырылып жолдың шетімен айналып өтіп жатамыз...

Осындай жағдайда, оларға келіп, біздің елдің тәртібін түсіндіріп жатқан бір де бір полиция қызметкерін көрмейтініміз қалай?

Полициямыз да «сыпайы» болып кеткен бе?

Және де, қазіргі кезде елімізге соғыс жүріп жатқан елдерден заңсыз мигранттар көптеп енуді. Олар да бізге «өз тәртібі мен заңын» алып келуге тырысады. Ал, біздің кейбір миграциялық полиция қызметкерлері шет елдік азаматтарға «құжат сатқаны» да кеше ғана белгілі болып жатыр... Бұндай кемшіліктер еліміздің иммиджіне кері әсер етеді – ашық‑шашық жатқан ел сияқты боламыз...

Олай болса, біздің ел өз заңы бар, елімізге енген кез келген шет ел азаматына қояр өз талабы бар, өз дәстүрі мен адами қатынас қалыбы бар ел екенімізді жан‑жақты көрсете білсек – Қазақстанды ешкім де ешқашан «борат елі» деп атай алмайтын болады.

Қазірдің өзінде Қазақстан өзінің білімге деген ұмтылысымен, өнерімен, спорттағы жеңісімен және т.т. – дамыған елдер қатарына жақындап келеді. Біз осы қалыптан таймауымыз керек!

Әбдірашит Бәкірұлы, философ‑публицист

Abai.kz

0 пікір