Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
162 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 13:01

Кеген ауданында шаңғышылар бір уақытта дауыс берді

Сурет: Кеген аудандық әкімдігінен алынды.

Бүгін Кеген ауданында шаңғы спортымен айналысатын спортшылар І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ғимаратындағы №568 референдум учаскесіне арнайы келіп, бір уақытта дауыс берді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтындарын көрсетті.

    Спортшылар маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты.  Аудан шаңғышылары жастарға үлгі болып, барша тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды!

Abai.kz

0 пікір