Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
153 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 20:16

Жетісулық жастар референдумда азаматтық ұстанымын танытып, дауыс беруде

Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды.

Жетісулық жастар бүгінгі референдумда өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, дауыс беруде. Соның ішінде арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттерін, жас мамандарды, белсенді жастарды ерекше атауға болады.

Мәселен, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студент жастары мен ұжымы – жалпы саны 100-ден астам адам дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келді. Бұл қазақ халқының дәстүріне, мәдениеті мен рухани құндылықтарына деген құрметтің жарқын көрінісі әрі бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің символындай болды.

Ал Ақсу ауданында референдум учаскесіне Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің 250 студенті бірге келіп, өз таңдауын білдірді. Жас буын өкілдерінің ұйымдасқан түрде дауыс беруі олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, жастардың бойында қоғам өміріне деген жауапкершіліксезімінің қалыптасқанын айғақтады.

- Біз тәуелсіз елдің жастары ретінде мемлекетіміздің болашағына бейжай қарай алмаймыз. Сондықтан бүгін барлығымыз бірге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – біздің елге деген құрметіміз, болашағымызға дегенжауапкершілігіміз, – деді Қапал кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Жансая Жамалбек.

Сол сияқты Көксу политехникалық колледжінің студенттері мен ұжымы қатарындағы 200 адам, Текелі кәсіптік колледжінің 45 студенті референдумда белсенділік танытты.

Бұдан бөлек өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері, жас мамандар және басқа да белсенді жастар азаматтық позициясын айқын танытып, дауыс беруге белсене қатысты. Осылайша жастар мемлекеттің болашағына деген сенімінайқын танытып, қоғамдық-саяси үдерістердің маңыздылығын түсінетінін көрсетті.

Атап өтсек, Орталық сайлау комиссиясының сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша облыс сайлаушыларының 73,84 % дауыс берген.

Abai.kz

0 пікір