Header Banner
Жексенбі, 15 Наурыз 2026
154 0 пікір 15 Наурыз, 2026 сағат 21:59

Жас көшбасшылар ел болашағы үшін белсенді азаматтық ұстаным мен жеке жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті

Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды.

Алматы облысында жастар ұйымдарының көшбасшылары Мақсат Кенешев пен Әдлет Айтқазы жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өткен республикалық референдумға қатысты. Олар Қонаев қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді.

Мақсат Кенешевтің айтуынша, референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі.

«Референдумға қатысу – бұл тек құқық қана емес, сонымен қатар әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Біз, жастар ұйымдарының өкілдері ретінде, өз үлгімізбен қоғам өміріне белсенді қатысудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келді», – деді ол.

Әділет Айтқазы да жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Сурет: ҚР ОСК сайтынан алынды.

«Бүгін біз өз таңдауымызды жасап, елдің дамуына өз үлесімізді қостық. Жастар белсенді болуы керек, маңызды мәселелерді талқылауға қатысып, мемлекеттің болашағына әсер ететін шешімдерді қабылдауға атсалысуы қажет», – деді ол.

Бақылаушылардың айтуынша, референдум учаскесінде жастар ұйымдары көшбасшыларының болуы басқа қатысушылардың қызығушылығын тудырып, жастар үшін белсенді азаматтық ұстанымның үлгісіне айналды.

Abai.kz

0 пікір