Header Banner
Сейсенбі, 17 Наурыз 2026
Байқау! 131 0 пікір 17 Наурыз, 2026 сағат 14:59

Махмұт Қашқари атындағы Халықаралық əңгіме байқауы

Сурет: ayb.org.tr сайтынан алынды.

Еуразия Жазушылар Одағының құрылғанына 20 жыл және Др. Якуп Өмероғлуның туғанына 60 жыл толуына орай «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАЛҒЫЗ ОРТАҚ ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ» Махмұт Қашқари атындағы VIIІ Халықаралық əңгіме байқауы жарияланды.

Махмұт Қашқари атындағы VIIІ Халықаралық əңгіме байқауы

 

Тақырыбы: Еркін

Әңгімелерді жіберудің соңғы  күні: 1 қыркүйек 2026 жыл

Халықаралық жүлделерді жариялау: 20 қазан 2026 жыл

Халықаралық жүлделерді марапаттау рəсімі: 8 желтоқсан 2026 жыл

 

Халықаралық сыйлықтар:

Бірінші орын - 45 000 түрік лирасы

Екінші орын - 25 000 түрік лирасы

Үшінші орын - 15 000 түрік лирасы

Ынталандыру сыйлығы - 10 000 түрік лирасы

Байқаудың шарттары:

  • Байқауға қатысатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.
  • Байқауға ұсынылатын шығармалар бұған дейін ешбір байқауда жүлде алмаған және еш жерде жарияланбаған болуы керек.
  • Әңгіменің тақырыбы еркін.
  • Байқауға ең көбі екі әңгімемен қатысуға болады. Жіберілетін әр әңгіменің көлемі кемінде 1000 (мың), ең көбі 7500 (жеті мың бес жүз) сөзден тұруы тиіс.
  • Байқауға электрондық пошта арқылы жіберілетін әңгімелерде тек бүркеншік ат (румүз) ғана көрсетілуі тиіс; бүркеншік аттан басқа қатысушының кім екенін білдіретін қандай да бір белгі болған жағдайда, әңгіме байқаудан шығарылады. Әңгіме файлыңызда тек бүркеншек ат және әңгімеңіздің атауы көрсетілуі керек.
  • Байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін, толық мекенжайын, бүркеншік атын, қатысатын елдің атауын, 1 дана цифрлық фотосын және өмірбаянын бір Word құжаты түрінде әңгіме жіберетін э-поштаға сол электрондық хаттың екінші қосымшасы ретінде жіберуі тиіс.
  • Шығармалар компьютерде 12 шрифт қарпімен жазылуы керек.
  • Байқауға жіберілген әңгіме мәтіндері қайтарылмайды, жазушы бұл жөнінде ешқандай талап қоя алмайды.
  • Әңгіме түпнұсқа болуы тиіс. Түпнұсқа емес шығармалар (мысалы, AI арқылы жазылған мәтіндер) қаралмайды.

Байқауға қатысатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com адресіне электрондық пошта арқылы жіберілуі керек. 

Толық ақпарат: www.ayb.org.tr

Abai.kz

0 пікір