«Жеңіл ақшаның» ауыр зардабы...
Әлеуметтік желіде қол-аяғына кісен салынып, Вьетнамның Камрань әуежайында құқық қорғау органдарының жетелеуінде бара жатқан блогер Қайсар Хамзаның (Камза) фотосы тарады.
Биылғы жылдың басында халықаралық іздеуге жарияланған блогердің «арзан шоуы» мен «шат-шадыман өмірі» осылайша Астана әуежайының конвой бөлмесінде аяқталды.
Бұл кейіп — тек бір блогердің жеке басының қасіреті емес, қазіргі медиа кеңістіктегі жауапсыздық пен жеңіл жолмен байығысы келетін теріс тенденцияның заңды финалы.
Желідегі «батпан құйрық» пайда мен заңсыз құмар ойын
Қайсар Хамза миллиондаған аудиториясы бар парақшаларында арзан контент таратып қана қоймай, заңсыз онлайн-казинолар мен лудоманияны насихаттады деген күдікке ілінді. Жарнамалық сілтемелер мен жабық Telegram-каналдар («Қора энтертейнмэнт» және т.б.) арқылы мыңдаған жасты құмар ойынның шырмауына тартты.
Салдары қандай?
- Тас-талқаны шыққан тағдырлар: Сансыз отбасының ойраны шығып, қаншама жас қарызға батты.
- Сөйлеу мәдениетінің улануы: «Аузына келгенін айтып», боқтық сөзді трендке айналдыру арқылы жастардың талғамын бұзды, әдептен тыс әрекетті калыпты құбылыс сияқты көрсетті.
Азарттық ойынды жарнамалап тапқан жүздеген мың доллар мен крипто-әмиянға жиналған қаржы блогерге уақытша ғана «еркіндік» сыйлағанымен, заң алдындағы жауапкершіліктен құтқара алмады.
Ауыздан шыққан сөз бен істің алшақтығы
Шетелде жүріп, «мені ешкім ұстаған жоқ, бәрі бақылауда» деп, қоғамды адастырмақ болған видеолары да ақыры өз мәнін жоғалтты. Интерпол арқылы жүргізілген арнайы операция мен Мемлекеттік органдардың (АФМ, ІІМ, Бас прокуратура) үйлесімді жұмысы нәтижесінде заң бұзушы елге қайтарылды.
Abai.kz