Жексенбі, 17 Мамыр 2026
Жаңалықтар 989 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 12:46

Мас күйде көлік жүргізген ауыл әкімі ұсталды

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында ауыл әкімінің рульге масаң күйде отырғаны белгілі болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен Чапаев ауылы маңында көлік құралын алкагольдік масаң күйде басқарған жүргізуші анықталған.

— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды, — деп хабарлады ведомстводан.

БҚО сотының баспасөз қызметі істің сотқа түскенін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2812
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1916