Ресей азаматтары жаппай депортациялануы мүмкін
Құқық қорғаушылар Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Қазақстанға көшіп келген Ресей азаматтарының жаппай депортациялануы мүмкін екенін айтады.
Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлайды. «Слово защите» жобасының мәліметінше, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) уақытша тұруға рұқсаттың (УТР) жалған негіздер бойынша берілу жағдайларын тексеріп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан ІІМ құжаттарға қойылатын талаптар мен тексерістерді күшейте отырып, УТР алу ережелерін қатайтты.
Қазақстан Еңбек министрлігінің деректері бойынша, 2022 жылы Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін елге шамамен 837 000 ресейлік келген, олардың 780 000-ы кейіннен Қазақстаннан кетіп қалған.
Abai.kz