Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5947 0 пікір 27 Қазан, 2009 сағат 06:02

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке

Қазақстан Республикасының
Парламенті депутаттарына

Астана қаласының әкімі
И.Н.Тасмағамбетовке

АШЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевқа

Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Қ.Мәсімовке

Қазақстан Республикасының
Парламенті депутаттарына

Астана қаласының әкімі
И.Н.Тасмағамбетовке

АШЫҚ ХАТ

Қазақ мемлекеті 1991 жылы құрылған жоқ. 1991 жылы қазақ ұлты еркіндік пен азаттық жолында жан пида еткен батыр бабалар күресінің нәтижесінде   тәуелсіздікке қол жеткізді. Қазақ халқының тарихы көне түркілердің бір бұтағы ретінде мыңдаған жылдарға жалғасқандығымен, қазақтың өз алдына азат, тұңғыш мемлекеттілігінің негізі ХІV ғасырда қаланды. Ол мемлекеттің іргесін 1456 жылы Шу өзенінің бойында Керей мен Жәнібек батырлар салып, қазақ хандығының алғашқы ханы ретінде Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Хандық билік дегеніміз қазақ ұлтын біріктерген алғашқы саяси мемлекеттік құрылым.

Қазақ мемлекеттілігінің тәуелсіздігіне 17 жыл 10 ай 24 күн толғанда бүкіл қазақ ұлтын, оның мемлекетік тарихын мансұқтаған һәм жоққа шығарған қадам жасалды. Бұл күні «Қазақ елі» тарихи- мемориалдық кешені ашылды. Кешеннің қақ ортасында, өзінің тұғырлы орнында тұруға тиісті Керей мен Жәнібек хандардың және өзге де қазақ батырларының қоладан жасалған мүсіндері Астана қаласының шетіндегі иен далаға, қараусыз, сазбалшықтың ішіне күл-қоқысқа тасталған.

Ұлы бабаларымыздың ескерткіші бюджеттен осы жобаға арнайы  бөлінген 100 млн. теңгеге қазақ сәулетшісі Сембіғали Смағұловтың төл туындысы ретінде Қытай Халық Республикасында тапсырыспен жасалынған. Әрі бұл ескерткіш Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қолдауы мен қадағалауының арқасында өмірге келді. Алайда, Елбасының тапсырмасы орындалмай, тарихи тұлғалардың мүсіндері аянышты күйге түскені өкінішті. 

Ескерткіштің өзінің лайықты орнында, яғни «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешенінің басты мүсіндері ретінде тұрмауы қазақ елінің ұлттық ар-намысына тиген ауыр соққы болып отыр.

Сол себепті, Елбасы және Үкімет басшысы, Парламент депутаттары мен Астана қаласының әкімі тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге міндетті һәм бұл іс олардың ұлт алдындағы азаматтық борышы деп есептейміз.

Осы орайда Ұлт атынан біздер, қазақ жастары, 2009 жылдың 16 желтоқсаны, Тәуелсіздік мерекесіне дейін баһадүр бабаларымыз Керей мен Жәнібектің  және қазақ батырларының ескерткіштері «Қазақ елі» тарихи-мемориалдық кешеніне қойылуын талап етеміз!

«Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді Алашты ешкімнің,
Қорлығына бермейміз!»
– дейтін әрбір қазақ азаматын осы ашық хатқа қол қойып, қолдау көрсетуге шақырамыз! Бұл біздің ұлт алдындағы азаматтық парызымыз.
Ашық хатқа қол қою үшін сайттың пікір қалдыратын тұсында аты-жөніңізбен электрондық поштаңыздың адресін жазып қалдыруыңызды өтінеміз.

Құрметпен,
Abai.kz ақпараттық порталы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555