Сәрсенбі, 25 Наурыз 2026
Жаңалықтар 70 0 пікір 25 Наурыз, 2026 сағат 16:32

Қазақстан вольфрам өндіруден үздік үштікке енді

Сурет: adyrna.kz сайтынан алынды.

Бұл өсімге қосымша фактор ретінде әлемдік нарықтағы жағдай әсер етті, деп хабарлайды baq.kz. 

Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша вольфрам өндіретін әлемдегі ірі елдердің қатарына еніп, үшінші орынды иеленді.

Республикалық тау-кен және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының мәліметінше, Өсім Богутин кен орнын іске қосу есебінен қамтамасыз етілді, онда кенді концентратқа дейін өңдеу басталды.

Қосымша фактор ретінде әлемдік нарықтағы жағдай әсер етті: Қытай 2025 жылдың ақпанында вольфрам экспортын шектегеннен кейін, 2026 жылдың наурызына қарай металл бағасы бес еседен астам өсті.

2025 жылы Қазақстан алғаш рет вольфрам концентраттарын экспорттай бастады. Шетелге жалпы көлемі 3,7 мың тонна өнім 71 млн доллар сомасына жеткізілді, негізгі сатып алушы Қытай болды.

– Басқа дереккөздердің мәліметтері де Қазақстанның әлемдік вольфрам нарығында айтарлықтай үлеске ие болғанын растайды. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан вольфрам өндіру көлемі жөнінен алғашқы үштікке кірді (таза металлға шаққанда 2,4 мың тонна), Қытайдан (67,0 мың) және Вьетнамнан (3,0 мың) кейін тұр. Жақын болашақта америкалық инвесторлардың қолдауымен Қазақстанның әлемдік вольфрам нарығындағы маңызы арта түседі, – деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

0 пікір