Сейсенбі, 31 Наурыз 2026
Аласапыран 135 0 пікір 31 Наурыз, 2026 сағат 12:28

Соғысатын – Трамп. Төлейтін – арабтар…

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

28 ақпанда басталған АҚШ-Израиль-Иран үштігі арасындағы соғыс әлі жалғасып жатқаны белгілі. Ол жуырда тоқтай қоюы да екіталай. Тіпті, Харк үшін шайқасқа ұласуы да әне-міне деп отыр…

Ал кеше Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт бүйдеді:

- Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны әрі қарай жалғастыру үшін АҚШ-тың шығындарын Араб елдеріне өтету идеясын талқылап жатыр, - деді.

Оның сөзінше, Трамп бұл туралы түпкілікті шешім әлі қабылдамаған, бірақ мұндай идея бар және бұл ұсыныс Трамптың қызығушылығын тудырып отыр.

Саудияда Бен Салман деген мықты бар. Тақ мұрагері. Сол Бен Салман қояр да қоймай, Трампты Иранға қарсы соғысты жалғастыруға итермелеп отыр екен.

«The New York Times» солай деп жазады. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Бен Салман АҚШ президенті Трамптан Иранға қарсы соғысты жалғастыруды талап етуде. Ол Америка мен Израильдің әскери операциясын Таяу Шығысты қайта түлетудің «тарихи мүмкіндігі» деп санайды-мыс.

«The New York Times» басылымы жазғандай, Бен Салман Иранды Парсы шығанағы елдеріне төнген «қауіп» деп атап, бұл мәселені тек билікті құлату арқылы шешуге болатынын алға тартқан.

Осыған дейін: Оман ақпараттық құралдары Трамп Парсы шығанағы елдеріне Иранмен соғысты жалғастыру үшін шот ұсынғанын жазған...

Нақтырақ айтсақ, Трамп Парсы шығанағы елдеріне екі түрлі шот ұсынған. Бірі - Иранмен соғысты жалғастырудың құны (5 трлн доллар). Екіншісі ұрысты тоқтатудың құны (2,5 трлн доллар).

Ал «The Washington Post» гәзеті: «Пентагон Конгресстен Ирандағы операцияны жалғастыру үшін 200 миллиард доллардан астам қаражат сұрады», - деп хабарлаған.

Қаражаттың бір бөлігі таусылып жатқан маңызды қару-жарақ өндірісін шұғыл арттыруға бағытталуы тиіс.

Abai.kz

0 пікір