Сейсенбі, 31 Наурыз 2026
131 0 пікір 31 Наурыз, 2026 сағат 22:03

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Астанада қала тұрғындарына қолайлы болу мақсатында Мансап орталығы енді үш жерде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мансап орталығы мына орындарда жұмыс істейді:
• Есіл – Нұра аудандарының Мансап орталығы (Достық даңғылы, 13);
• Сарыарқа – Байқоңыр аудандарының Мансап орталығы (Бейбітшілік көшесі, 9);
• Алматы – Сарайшық аудандарының Мансап орталығы (А. Байтұрсынұлы к., 29/2).

Үш ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларымен 5 160 адам қамтылды, оның ішінде 2560-ы – жастар.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша айлығы 130 мың теңге болатын жұмыс ұсынылады. Қазіргі уақытта 400-ден астам жұмыс беруші Жастар практикасы бойынша 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу ұсынылады. Бұл бағдарлама аясында 3 жылға дейін жұмысқа орналастырып, мемлекет тарапынан жалақының 70%-ына дейін субсидия беріледі.

Кадрларға қажеттілігі бар жұмыс берушілер қысқа мерзімді курстар арқылы мамандар даярлауға өтінім бере алады.

Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1 900 ұйымнан 5 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған.

Abai.kz

0 пікір