Сейсенбі, 14 Сәуір 2026
Әне, көрдің бе? 207 0 пікір 14 Сәуір, 2026 сағат 13:50

«Росатом» Иранға қалай көмектесті?!

Сурет: vedomosti.ru сайтынан алынды.

Ресейдің мемлекеттік меншіктегі «Росатом» кәсіпорнының директоры Алексей Лихачев кеше Ресей тараптың Иранның АЭС құрылысына көмектесуге келген қызметкерлерін дерлік эвакуациялағанын, артында аз ғана адам қалғанын мәлімдеді.

«Біз Бушер атом электр станциясындағы соңғы ауысымды бастадық», - деді Лихачев. Оның айтуынша 108 қызметкер эвакуацияланып, тек 20 қызметкер ғана қалған, олар жоғары лауазымды басшылар мен жабдықтардың қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлер екен. Бұл Ирандағы жалғыз атом электр станциясы.

«Росатом» 28 ақпанда Ирак соғысы басталғаннан бері Бушер атом электр станциясынан қызметкерлерін үздіксіз эвакуациялап келеді.

Иранның оңтүстігіндегі Бушер атом электр станциясында 1000 МВт қуатты реактор орналасқан. Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғаннан бері станцияның айналасындағы аймаққа кем дегенде төрт рет шабуыл жасалды.

Мәскеу атом электр станциясының маңына жасалған шабуылдар  «Чернобыль оқиғасынан да жойқын» радиациялық апатқа әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сәуір айының басында станцияның бір қызметкері жарылғыш заттың жарылуынан қаза тапқаны туралы хабарланды; дегенмен, Ирандық мемлекеттік БАҚ және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) спутниктік суреттерге жасаған талдауына сәйкес, Бушер атом электр станциясының өзі зақымдалмаған.

АҚШ пен Иран соғысты екі аптаға тоқтатуға келіскенімен, жексенбіде Пәкістанда өткен алғашқы келіссөздер сәтсіз аяқталды. Артынан АҚШ президенті Трамп екі тараптың бітімге келуге жақын екенін, тек бейбіт мақсатта уран байыту мәселесінде әліде бір пәтуаға келе алмай жатқанын жазған еді.

Abai.kz

0 пікір