Жеке кәсіпкердің қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығымен салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру және тарату кезінде салық міндеттемелерін орындау қағидалары бекітілді, оның ішінде:
• салықтық тексеру жүргізу;
• камералдық бақылау;
• оңайлатылған тәртіп арқылы.
(Аталған бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді)
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес қызметін тоқтататын тұлғаның салық міндеттемелерін тиісінше орындауы салықтық әкімшілендіру арқылы, оның ішінде салықтық тексеру жүргізу жолымен тексеріледі. Бұл жағдайда жеке кәсіпкерді жабу шамамен бір ай уақыт алады. Ал оңайлатылған тәртіппен қызметті тоқтату кезінде салықтық тексеру жүргізілмейді.
Оңайлатылған тәртіпті келесі талаптарға толық сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер пайдалана алады:
• қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмауы;
• бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызмет жүргізбеуі;
• Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерімен айналыспауы (электрондық сауда, алкоголь, темекі өнімдерін өндіру және сату және т.б.);
• салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздарының болмауы;
• алдыңғы салық кезеңі бойынша барлық салық міндеттемелерін толық орындауы;
• мемлекеттік кірістер органдарының орындалмаған хабарламаларының болмауы, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша.
Егер жеке кәсіпкер оңайлатылған тәртіппен жабу талаптарына сәйкес келсе, онда келесі әрекеттерді орындау қажет:
Оңайлатылған тәртіппен қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті өңдеу мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері арқылы автоматты режимде форматтық-логикалық бақылау негізінде жүзеге асырылады. Егер орындалмаған салық міндеттемелері анықталған жағдайда, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
Жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылғаны туралы ақпаратты kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық сервистер / Бизнеске көмек / Салық төлеушілерді іздеу» бөлімінде «Жеке кәсіпкерлер» іздеу функционалы арқылы көруге болады.
Тамашаева Мадина Марсбековна
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы
Abai.kz