Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
1644 0 пікір 18 Сәуір, 2026 сағат 15:29

Болашақ экопарк аумағында «Таза Қазақстан» акциясы: «Қызылтас-Тасбасқа» шатқалы жаңғырады

Сурет: шара ұйымдастырушыларынан алынды

Табиғатты қорғау - жай ұран емес, нақты әрекет. Бүгін Талдықорған қаласындағы Қызылтас-Тасбақа шатқалы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды акция ұйымдастырылды.

Шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, 250-ден астам көшет егілді. Игі іске 100-ден астам жетісулық белсенді атсалысты.

Экошараға қатысқан облыс орталығының тұрғыны Айгерім Сабыржанованың айтуынша, бұл күн ерекше әсерге толы болған:
«Осынша адамның бір мақсатпен жиналғанын көргенде, шынымен де жүрекке жылы тиеді. Біз тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, болашақ үшін еңбек еттік. Әр отырғызылған ағаш ертеңгі жасыл қала. Осындай бастамалар көбейсе екен деймін».

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Аталған аумақта экопарк ашу жоспарлануда. Жоба қаланың туристік әлеуетін арттырып, өңірдің дамуына жаңа серпін бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1055
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2603
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 739
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700