НАТО-ға қауіп төндірген қайсы елдер?!
Түркияда сапарда жүрген НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте сәрсенбіде (22 сәуір) НАТО-ның Қытайдан, Ресейден, Ираннан және тағы басқа елдерден келетін көптеген қауіп-қатерлерге тап болып отырғанын әрі бұл қауіп-қатерлерді жоюға тас түйін дайын екенін мәлімдеді.
НАТО басшысы сапарының алғашқы күні Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гюлермен кездесіп, одақтас елдер ара ынтымақты нығайту, қорғаныс шығындарын арттыру, Түркияның әуе қорғаныс жүйесін НАТО жүйелерімен біріктіру және одақтастар арасындағы қорғаныс өнеркәсібінің ынтымақтастығын одан әрі арттыру сияқты бірқатар мәселелерді талқылады.
Рютте сәрсенбіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен де кездесті. Түріктің әйгілі «Aselsan» қорғаныс компаниясына барғаннан кейін ол БАҚ-қа: «Біз тап болып отырған қауіп өте ауқымды; Арктикадан Жерорта теңізіне дейін, ғарыштан теңіз түбіне дейін, зымырандар мен дрондардан бастап күрделі кибершабуылдар бар», - деді.
Деседе Рютте Қытайдан, Ресейден және Ираннан келетін қауіптерді ерекше атап өтті. Ол: «Ресейдің Украинадағы соғысы жалғасуда; Қытай да әскери модернизация мен ядролық қуатын жан сала күшейтуде. Иран үрей тудырып, хаос жасауда», - деді.
Рютте Түркияның оны нақты сезініп отырғанын, соңғы апталарда НАТО ұқсамаған уақытта Ираннан Түркияға қарай атылған төрт баллистикалық зымыранды атып түсіргенін, НАТО-ның мұндай қауіптерге сақадай сай екенін, Түркия мен барлық одақтас елдерді қорғау үшін әрқашан қажетті шараларды қабылдайтынын тілге тиек етті.
Рютте сондай-ақ Түркияның өндіріс пен инновацияны ұштастырған Aselsan компаниясының жаңа бағыты НАТО үшін алдағы кезеңде басты басымдық болып табылатынын, шілде айында Анкарада өтетін НАТО саммитіндегі негізгі тақырыптардың бірі болатынын, Түркиядан үйренетіндері көп екенін атап өтті.
Abai.kz