Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
1419 0 пікір 27 Сәуір, 2026 сағат 20:52

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті.

Қазақстан құрама командасындағы Астана қаласының оқушылары жарыста үздік нәтиже көрсетіп, бірден екі басты марапатты жеңіп алды. Оқушылар робот-ойын бойынша 1 орын және жарыстың үздік командасы атанды.

Чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакия сынды елдерден 68 команда қатысты. Команда бұл чемпионатқа Астанада өткен Central Asia First Championship турниріндегі сәтті өнер көрсетудің нәтижесінде жолдама алған.

Робот-ойыннан бөлек, қатысушылар «artifacts.kz» атты Қазақстандағы археологиялық артефактілердің онлайн-базасын ұсынды. Жоба аясында оқушылар идеядан бастап зерттеу, техникалық әзірлеу және профильді институттармен байланысқа дейінгі толық процесті көрсетті. Жоба технологиялық деңгейімен ғана емес, ұлттық мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесімен де жоғары бағаланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 883
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2297
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 590
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 573