Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
138 0 пікір 6 Мамыр, 2026 сағат 14:31

Жауапкершілік пен нәтиже: Талдықорғанда тұрғын үйді басқару тәсілі қалай өзгеріп жатыр

Сурет: amanatpartiasy.kz сайтынан алынды.

Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» «TURGYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбында өңірлік форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді, инфрақұрылымды жаңғырту, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту жолдарын талқылады. Форум билік өкілдері, сарапшылар, мүлік иелері бірлестіктері (МИБ) мен пәтер иелері кооперативтері (ПИК) басшылары арасында тиімді диалог алаңына айналды.

Алқалы жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Каринова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов, сондай-ақ салалық басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Сурет: amanatpartiasy.kz сайтынан алынды.

Форумды тізгендеген «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын аталған жобаның тұрғын үй саласындағы мәселелерді жүйелі шешудегі маңызын атап өтті.

Отырысты ашқан өңір басшысы кейінгі үш жылда өңірде су, жылу және электр желілерінің 1 мың шақырымнан астамы жаңғыртылғанын айтты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, 329 елді мекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, көрсеткіш 99,9%-ға жеткен. Сонымен қатар халықтың 67%-ы табиғи газға қосылған, бұл азаматтардың тұрмыс жағдайын едәуір жақсартты.

Сурет: amanatpartiasy.kz сайтынан алынды.

«AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы бұл жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – әрбір тұрғын үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатқақол жеткізу үшін алдағы уақытта да бірлігімізді сақтай отырып, жүйелі жұмыс жүргізетін боламыз. Ең бастысы – халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету», – деді Бейбіт Исабаев.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Хатшысы Шолпан Кариноважоба МИБ және ПИК төрағаларын оқыту, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын енгізу және цифрлық сервистерді дамыту арқылы тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

«Абаттандыру, тарифтер, жарықтандыру және қауіпсіздік мәселелері – әрбір қала тұрғынының өмір сапасына тікелей әсер ететін негізгі фактор. Сондықтан партия бастамасымен көппәтерлі тұрғын үйлердің өзекті мәселелерін жүйелі шешуге бағытталған «TURGYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылды. Біз тұрғындармен күнделікті тікелей байланыста болып, олардың нақты сұраныстарын білетін МИБ және ПИК төрағаларының қолдауына үлкен үміт артамыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен кері байланыстарыңыз халық пен билік арасындағы тиімді диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады», – деді Шолпан Каринова.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов өңірдегі тұрғын үй қорының жағдайына тоқталып, бүгінде облыста 1 715 көпқабатты тұрғын үй бар екенін жеткізді. Оның 627-сі заманауи басқару нысандарына өткен. Үш жылда 284 тұрғын үй жаңартылып, 289 аула абаттандырылып, 30 лифт ауыстырылған. Газдандыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр: қазіргі уақытта 600 көпқабатты үй табиғи газға қосылған.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытудың жаңа бағытын айқындайды. Мұнда әрбір үй – ең алдымен меншік иелерінің жауапкершілік аймағы. Біз ашық әрі есеп беретін басқару моделіне көшіп жатырмыз. Оның нәтижесі адамдардың тұрмыс жағдайы мен әр ауладағы нақты өзгерістер арқылы өлшенеді. Өңірде бұл өзгерістерге берік негіз қаланды, ендігі міндет – олардың жүйелі әрі тұрақты жүзеге асуын қамтамасыз ету. Жобаның басты нәтижесі – барлық азамат үшін қолайлы орта қалыптастыру», – деді Әсет Қанағатов.

Форум барысында Мәжіліс депутаты Болат Керімбек те сөз сөйлеп, жобаның басты міндеті тұрғын үй қорын басқаруда тәртіп орнату және коммуналдық мәселелерді шешу ісіне азаматтардың қатысуын арттыру екенін атап өтті.

Сурет: amanatpartiasy.kz сайтынан алынды.

«TURGYNDAR AMANATY» жобасының мақсаты – көппәтерлі тұрғын үйлердегі жылдар бойы қордаланған мәселелерді шешу, әсіресе ПИК пен МИБ жұмысына қатысты түйткілдерді реттеу. Біз «бір үй – бір бірлестік – бір есепшот» қағидатын енгіздік. Бұл тұрғындардың қаражаты тек өз үйінің қажеттілігіне жұмсалуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ төрағаны сайлау құқығы тұрғындардың өздеріне беріліп, оның өкілеттік мерзімі үш жылға дейін ұзартылды. Енді екі есепшот ашылады: ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған және шатырды немесе қасбетті жөндеу сияқты ірі жұмыстарға арналған жинақ. Бұл әрбір тұрғынның өз мүлкін басқаруға тікелей қатысып, қаржының қайда жұмсалып жатқанын бақылауына мүмкіндік береді», – деді Болат Керімбек.

Форумның екінші бөлімі оқыту семинарына арналды, онда қатысушылар тұрғын үй қорын басқарудың практикалық дағдыларын меңгеріп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын ашық диалог форматында талқылады.

Іс-шара соңында МИБ және ПИК белсенді төрағалары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар ПИК төрағасы «AMANAT» партиясының қатарына қосылу туралы шешім қабылдады. Жаңа мүшелерге салтанатты түрде партиялық билет табысталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1719
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1474