Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
Жаңалықтар 54 0 пікір 6 Мамыр, 2026 сағат 15:31

Әлемдік мұнай қоры үш айға ғана жетуі мүмкін

Сурет: Казинформ сайтынан алынды

Goldman Sachs мәліметінше, әлемдік мұнай қоры күрт азайып, сегіз жылдық ең төменгі деңгейге жақындап келеді, ал Ормуз бұғазы арқылы жеткізілетін мұнай көлемі шектеулі болғандықтан оның сарқылу қарқыны алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды Reuters. 

Әлемдегі ең ірі инвестициялық банктердің бірінің мәліметінше, қоймалардағы мұнайдың жалпы әлемдік қоры тек 101 күндік тұтынуға жетеді. Бұл көрсеткіш мамыр айының соңына қарай 98 күнге дейін төмендеуі мүмкін.

Банктің бағалауынша, мұнай өнімдерінің әлемдік қоры АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына дейінгі 50 млн доллардан қазіргі кезде 45 млн долларға дейін қысқарған.

Goldman Sachs атап өткендей, жалпы әлемдік қор «осы жазда ең төменгі операциялық деңгейге жетуі екіталай, бірақ кейбір аймақтарда және кейбір өнімдер бойынша мұнай қорының азаюы мен жеткізілім шығындары алаңдаушылық тудырып отыр».

S&P талдаушыларының мәліметінше, сұраныстың төмендеуіне қарамастан сәуір айында мұнай қоры тәулігіне орта есеппен 6,6 млн баррельге төмендеді, бұл бақылау жүргізудің бүкіл тарихында рекордтық ең үлкен екінші төмендеу. Мұнайға сұраныстың күрт төмендеуі коронавирус пандемиясы кезінде ғана болды.

Financial Times атап өтуінше, негізгі әсерді әзірге көбіне Азия елдері сезінгенімен, АҚШ-тағы бензин қоры жазғы демалыс маусымының шыңында тарихи төмен деңгейге жетуі мүмкін.

Қазақстан мұнай өңдеуді 39,2 млн тоннаға дейін арттыруды көздейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1724
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1474