Дүйсенбі, 27 Шілде 2026
Жаңалықтар 1129 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 14:39

Құрылтай сайлауының шығындары қанша?!

Сурет: ҚР үкіметі сайтынан алынды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлауды өткізуге қаржы республикалық бюджеттен бөлінетінін мәлімдеді.

– Құрылтай сайлауына жұмсалатын нақты шығын сайлау күні белгіленгеннен кейін анықталады, – деді ол Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Вице-премьердің сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты цифрды атауға әлі ерте. Өйткені, сайлауды өткізуге дайындық қазір де жалғасып жатыр.

Abai.kz

0 пікір