Жұма, 8 Мамыр 2026
Жаңалықтар 81 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 15:14

Мәскеуде 9 мамыр күні мобильді интернет шектеледі

Сурет: Adyrna.kz сайтынан алынды

Ресей цифрлық даму министрлігі 9 мамыр күні Мәскеуде мобильді интернет шектелетінін мәлімдеді. Сол күні қалада Жеңіс күнін атап өтпек.

"Мерекелік шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәскеуде мобильді интернет, соның ішінде "ақ тізімдегі сайттарды" ашу мүмкіндігі, сондай-ақ смс алмасу сервистері уақытша шектеледі" деді министрлік.

Мекеменің айтуынша, қауіп туған жағдайда Мәскеудегі интернет 7-8 мамыр күндері де шектелуі мүмкін.

"Фонтанка" Telegram-арнасының жазуынша, 7 мамырдың таңында Downdetector сервисінде Ленинград облысындағы мобильді интернеттегі ақауларға шағым көбейген.

Байланыс операторлары 4 мамырдан бері Мәскеу мен Петербургте 4-9 мамыр аралығында мобильді байланыс шектелуі мүмкін екенін ескертіп келеді.

4 мамырда Ресей қорғаныс министрлігі 8-9 мамыр күндері атысты біржақты тоқтататынын мәлімдеген. Бұған жауап ретінде Украина президенті Владимир Зеленский "тыныштық күнін" 6 мамырдан бастап енгізетінін айтқан. Бірақ Ресей Киевтің ұсынысын қабыл алмай, Украинаға сол күні ауыр соққы жасаған. Зеленский Украина қарымта қайтаратынын мәлімдеді.

7 мамырға қараған түні Ресейге дрон шабуылы жасалды. Ресей қорғаныс министрлігі 347 украин дронын құлатқанын хабарлады. Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің сөзінше, әуе шабуылынан қорғау жүйелері қала үстінде 20-дан астам дронды атып түсірген. Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз шабуыл салдарынан 13 адам жапа шеккенін хабарлады. Шабуылға Тверь облысындағы Ржев қаласы да ұшыраған. Украин Telegram-арналары Мәскеу облысында нысанаға "Нара" әскери-логистикалық кешені алынғанын жазған. Бұл ақпарат әзірге расталмады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2104
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1604