Сенбі, 16 Мамыр 2026
Бетбұрыс 292 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 19:44

ТМҰ саммиті: Ділі ортақ, діні ортақ, тілі жақын...

Суреттер: Ақорда телеграм арнасы және kz.kursiv.media сайтынан алынды.

Бүгін Түркістанда Түркі мемлекеттері елдерінің басшылары бас қосты. Ал осының алдында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келген болатын.

Саяси тұрғыдан алғанда, Түрік басшысының елімізге сапары Қазақстан мен Түркияның стратегиялық әріптестігін күшейтеді. Әсіресе Каспий арқылы өтетін «Орта дәліз» транспорттық бағыты, энергетикалық қауіпсіздік, қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастық, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы интеграция сияқты бағыттарда нақты келісімдер жасалуда. Екі ел $15 млрд сауда айналымына жетуді көздеп отыр. Одан сырт мәдени салаға да өз әсерін тигізері анық.

Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының доценті, дінтанушы Кеңшілік Тышханұлы өз пікірін білдірді.

Кеңшілік Тышханұлы:

– Бүгін Түркістан қаласына Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Бұл түбі бір туыс елдер үшін өзара ықпалдастық пен экономикалық, мәдени, тарихи ынтымақтастықты нығайтуға жасалған тағы бір қадам болмақ.

Осы саммитке орайластырылып жасалған  Түркия мемлекетінің президенті Таийып Ердоған мырзаның елімізге ресми сапары екі ел арасындағы байланысты нығайта түсері сөзссіз, қазіргі әлемнің саяси-эконмикалық бейнесі бірқалыпты емес. Осы тұста тұрақты серіктес, айнымас одақтас болу түсінігі де өзгергендей. Міне, түбі бір Түркі елдердің саяси-эконмикалық жақындығы осы тұрақсыз жағдайлардан сәтті шығудың бір жолы саналса керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Ділі ортақ, діні ортақ, тілі жақын...» елмен жасалған әрбір келісімнің мәні зор. Осы жақындықты негіз ете отырып Ердоған мырзаға елімізде «Қожа Ахмет Ясауи» ордені табысталуының да рәміздік мәні бар. Білім саласында ортақ «Абай-Мехмет Акиф» бағдарламасының басталуы, қорғаныс саласында ортақ жобалардың іске асуы да өте өзекті мәселеле. Қазіргі әлемдік саясатта жеке дара елдің қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын сақтау күрделі дүние.

Сондықтан да қазақтың аузындағы «Ақырзаман таяғанда әркім жақынын табады» дегендей, қиын қыстау кезеңде туыстас, достас елдердің қатарында болу айналаға төнген қауіптен аман-есен шығып кетуде оң ықпалы болмақ. Иә, еліміз баяғыдай бейтарап әрі көп қырлы саясатын жалғастыра беретін болар, дегенмен әлемдік нарықта үлкен салмағы болатын түркі елдерінің ортақ экономикалық табысын арттыру, жасанды инетеллект және цифрлық даму мәселесінде тәжірибе алмасу бүгінгі күннің басты тақырыбы. Болашақта қолданысқа түсуі мүмкін ортақ аліпби мәселесі де біздің мәдени, ғылыми және технологиядағы интеграциямызды жеделдетер еді деп ойлаймын. Қалай болғанда да еліміздің болашағы тұрғысынан, саяси-экономикалық нығаюы тұрғысынан Түркиямен жақын қарым-қатынаста болуы тиімді, әрі дұрыс қадам деп санаймын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2785
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1894