Дүйсенбі, 18 Мамыр 2026
Жаңалықтар 290 0 пікір 18 Мамыр, 2026 сағат 11:59

Nuctech жобасы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға серпін береді

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жиынға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Әсел Жанасова қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанда импортты алмастыру және электронды өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы аясында әлемдік нарықтағы жетекші компаниялардың бірі Nuctech компаниясының тексеру-өткізу жабдықтарын ел аумағында өндіру мәселесі талқыланды.

Жоба Мемлекет басшысының көлік-логистика саласын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі бәсекеге қабілетті хаб ретіндегі позициясын нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынып отыр.

Өндіріс қуаттарын іске қосу 2026 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Жоба аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи жүйелер, оның ішінде Kylin Ti және XT2100 инновациялық тексеру кешендері, сондай-ақ жүк пен багажды тексеруге арналған екі проекциялық CX180180D және CX100100D рентген-телевизиялық қондырғыларын шығару көзделген.

Өндіріс орны Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында ашылады.

Сонымен қатар жоба аясында сервистік орталықтар желісі мен қосалқы бөлшектер қоймасын құру жоспарланған. Бұл ел аумағындағы жабдықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мамандардың пікірінше, бұл жоба Қазақстандағы электронды өнеркәсіптің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, отандық мамандардың біліктілігін арттыруға және шетелдік жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Отандық өндірістің іске қосылуы елді заманауи тексеру жабдықтарымен қамтамасыз етіп қана қоймай, түзеу мекемелері, теміржол вокзалдары, әуежайлар, мемлекеттік мекемелер мен стратегиялық нысандардағы бақылау жүйелерін жаңғыртуға жол ашады. Сонымен қатар жабдықтарға Қазақстан аумағында толыққанды сервистік қызмет көрсету мүмкіндігі қалыптасады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2857
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1959