Сейсенбі, 19 Мамыр 2026
Жаңалықтар 110 0 пікір 19 Мамыр, 2026 сағат 14:14

ШҚО: Ұланда прокуратура заңсыздықты анықтады

Сурет: Егемен Қазақстан сайтынан алынды.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан аудандық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген талдау барысында жергілікті атқарушы органдардың қызметінен бірқатар заң бұзушылықты анықтаған.

Тексеру барысында бес ауылдық округ әкімдігі 2026 жылға арналған сатып алу жоспарына жалпы құны 44 млн теңге болатын балалар және спорт алаңдарын абаттандыру жобаларын енгізгені белгілі болды. Құжаттарда бұл жұмыстар "ағымдағы жөндеу" ретінде көрсетілген.

Алайда сметалық құжаттаманы зерделеу кезінде іс жүзінде жаңа құрылыс жұмыстары жоспарланғаны анықталды. Атап айтқанда, негіз дайындау, бетон төсемдерін төсеу және жаңа ойын кешендерін орнату көзделген.

Заң талаптарына сәйкес мұндай жұмыстарға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс болған. Бірақ бұл талаптар орындалмаған.

Сонымен қатар прокуратура лоттарды жасанды түрде бөлшектеу фактісін де анықтады. Әкімдік шекті сомадан аспау үшін сатып алуларды бірнеше бөлікке бөліп, өнім берушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік жасаған. Мұндай лоттардың жалпы сомасы 45,1 млн теңгені құраған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде барлық жоба құжаттары заң талаптарына сәйкестендірілгенге дейін сатып алу жоспарларынан алынып тасталды.

Нәтижесінде прокуратураның араласуымен 90 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2899
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2001