Сәрсенбі, 20 Мамыр 2026
Әне, көрдің бе? 147 0 пікір 20 Мамыр, 2026 сағат 13:25

АҚШ тарихындағы тұңғыш елші қазақ

Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қазақ қызы Әсел Робертс (қыз күніндегі тегі – Төленова) Словениядағы АҚШ елшісі қызметіне көпшілік дауыспен бекітілді. АҚШ Сенатында оның кандидатурасын 46 сенатор қолдап, 43-і қарсы дауыс берді.

Ол – АҚШ тарихында елші болып тағайындалған тұңғыш этникалық қазақ.

Әсел Робертс 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Алматыдағы орта мектепте оқып, жасөспірім шағында АҚШ-қа қоныс аударған және орта мектепті сол жақта аяқтаған.

1993 жылы Джорджтаун университетіне түсіп, Эдмунд Уолш атындағы Дипломатиялық қызмет мектебін халықаралық құқық және ұйымдар саласындағы ғылым бакалавры дәрежесімен бітірді. Студент кезінде Ақ үйде тағылымдамадан өткен.

1999 жылдан (кейбір деректер бойынша, 2005 жылдан) бастап АҚШ Президентінің Хаттама қызметінде (Протокол департаменті) жұмыс істейді.

2014 жылдан бастап – АҚШ Президенті Хаттама департаменті басшысының орынбасары және директор міндетін атқарушы.

2021 жылғы 20 қаңтардан 2022 жылғы 3 қаңтарға дейін – АҚШ-тың мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы міндетін атқарушы болды.

Дипломатиялық қызметке кандидатурасын 2026 жылдың ақпанында президент Дональд Трамп ұсынды.

Наурыз айында Әсел Робертс Сенаттың халықаралық қатынастар комитетіндегі тыңдаудан өтіп, содан кейін мәселе жалпы дауыс беруге шығарылды.

Әсел Робертс Вирджиния штатының атынан өкілдік етеді.

Тұрмыста, бір қыз тәрбиелеп отыр. Елші ханым қазақ, орыс, ағылшын және жапон тілдерін жетік меңгерген.

Ол 20 жылдан бері АҚШ азаматы Шон Робертспен некеде.

Шон Джордж Вашингтон университетінің доценті әрі халықаралық дамуды зерттеу кафедрасының директоры.

Оның зерттеулері Орталық Азияға бағытталған.

Бақытты жұп Айдын есімді қыздарын тәрбиелеп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2949
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2062