Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1010 0 пікір 2 Маусым, 2026 сағат 14:28

Балабақшаларда маман тапшы

Сурет: Tengrinews.kz сайтынан алынды.

Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда кадр тапшылығы байқалады. Бүгінде балабақшаларға 18 мың маман жетпейді, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 20 мыңға жетуі мүмкін. Бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова мәлімдеді.

Оның айтуынша, саланың сапасына тәрбиешілердің төмен жалақысы мен қаржыландырудың аздығы әсер етіп тұр.

– Балабақшаларға 18 мың маман жетпейді, ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 20 мыңға жетуі мүмкін. Ең қызығы, балабақшаларға маман ауадай қажет болып жатқан тұста, мемлекеттік гранттар саны керісінше азайып келеді. Мысалы, «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығына 2023 жылы 1382 грант бөлінсе, биыл бұл көрсеткіш 738-ге дейін құлдыраған. Оның үстіне, осы мамандықты бітіргендердің тек 30 пайызы ғана өз кәсібі бойынша жұмысқа қалады, – дейді депутат.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың 74 пайызы соңғы бес жылда балалардың сөйлеу тілі мен психикалық дамуының кешеуілдеуі (ЗПР, ЗРР) қатты күшейгенін айтқан.

– Егер бұған балабақшада көңіл аудармасақ, салдарын мектепте көреміз. Инклюзия мәселесі алдыңғы қатарға шығып тұр. Мамандардың пайымдауынша, балабақшалар инклюзияға тек 60 пайызға ғана дайын. Бұл жерде де сүйемелдеу мамандарының тапшылығы, арнайы жабдықтаудың жетіспеушілігі сияқты жүйелі мәселелер бар, – дейді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2598
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 736
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 696