Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1680 0 пікір 16 Маусым, 2026 сағат 13:55

Бектенов ҚТЖ-ға: 30%-ға артта қалып келесіздер!

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов теміржол саласы мен инфрақұрылымның дамуы туралы баяндамаларды тыңдап, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновке бекітілген көрсеткіштерді уақтылы орындау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

«Талғат Сағиұлы, сіздің алдыңызда транзиттік тасымалдарды 55 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті тұр. Алайда, менде бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде жоспарлы көрсеткіштерден 30%-ға артта қалып келесіздер. 23 млн тоннаның орнына «ҚТЖ» небәрі 16 млн тонна тасымалдаған. Бекітілген көрсеткіштердің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл сіздің жеке жауапкершілігіңізде», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 993
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926