ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақхалқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және оны келер ұрпаққа жеткізубағытындағы Қазақстанның еңбегіне жоғары баға берді.
Ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Найеф әл-Файездіңайтуынша, домбыра – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ мәдениқұндылығы.
«Домбырамен күй тарту өнері 2014 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдықемес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне кіреді. Бұл бірегей музыкалық дәстүрадамдарды тарихымен, бүгінімен және бір-бірімен байланыстырады. ЮНЕСКО Қазақстанда домбыраны ерекше дәріптеуді және бұл құндылықтың ұрпақтан ұрпаққажалғасуы үшін жасалатын қадамдарды барынша құптайды», – деді Найеф әл-Файез.
Ол сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Қазақстанның ұлттық мұраны сақтау жолындағыбастамаларын жоғары бағалайтынын жеткізді.
«ЮНЕСКО Қазақстанның осы бірегей музыкалық мұраны сақтап, оны келер ұрпаққааманат ету жолындағы қадамдарын жоғары бағалайды», – деді ұйымның Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары.
Айта кетейік, қазақтың дәстүрлі күй орындау өнері 2014 жылы ЮНЕСКО-ныңАдамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілген. Ал 2022 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде осы тарихи оқиғаның 10 жылдығынаарналған мерейтойлық мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Бүгінде домбыра үні ЮНЕСКО қабырғасында жиі шырқалады. Қазақстандықдипломаттардың қатысуымен өтетін мәдени іс-шараларда ұлттық аспаптың үні тұрақтытүрде естіліп, шетелдік көрерменнің қазақ мәдениетіне деген қызығушылығын арттырыпкеледі.
Abai.kz