Жангелдиндегі қылмыс: Сәрсемалиевке үкім шықты
Атырау облысының Жангелдин ауылында төрт адамды өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушы үшін дәл осы жазаны сұраған болатын. Прокурор екі немесе одан да көп адамды ерекше қатігездікпен және пайдакүнемдік ниетпен өлтіру бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесуді өтінген. Істе басқа да баптар бар.
Жангелдиндегі сұмдық трагедия өткен жылдың соңында болған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, Сәрсемалиев өзінің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасын, ағасы мен сіңлісін аяусыз өлтірген.
Abai.kz