Неліктен Қазақстан инвесторлар үшін Өзбекстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда тартымды?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапары аясында All China Review басылымында Қазақстан туралы мақала жарық көрді. Ондаеліміздің экономикалық дамуындағы қазіргі жетістіктері мен Қазақстанэкономикасының шетелдік инвестицияны не себепті барған сайын көбіректартып отырғаны сөз болады. Соның негізгі тұстарына тоқталайық.
Біріншіден, ашығын айту керек: бүгінде Қазақстан – өңірдегі ең іріэкономика. Демек, ең үлкен әрі ең тартымды нарық та осы. Мұны нақтысандар дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының көлемі жалпы ішкі өнімі 147,1 млрд долларболатын Өзбекстаннан екі еседен де асады. Ал өңірдегі өзге елдерменсалыстырсақ, айырмашылық одан да айқын: Түрікменстан экономикасы 77,4 млрд доллар, Қырғызстан – 21,6 млрд доллар, Тәжікстан – 17,5 млрд доллардеңгейінде бағаланған.
Жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішінде де Қазақстанның басымдығыанық байқалады. Қазақстанда бұл көрсеткіш шамамен 15 мың долларғажеткен. Түрікменстанда – 11,6 мың доллар, Өзбекстанда – 3,8 мың доллар, Қырғызстанда – 3 мың доллар, ал Тәжікстанда – 1,7 мың доллар.
Қазақстан мен көрші елдер арасындағы мұндай айырмашылық экономиканыңөнімділігі жоғары екенін және қосылған құн көлемінің әлдеқайда көп екенінкөрсетеді. Ал инвесторлар үшін дәл осы маңызды.
Екіншіден, мақала авторлары Қазақстанда капиталдың шоғырлануы ұзақжылдар бойы қалыптасқанын атап өтеді.
Инвесторларды мұнда ішкі нарықтың сыйымдылығы, табиғи ресурстар қоры, Еуропа мен Азияның арасындағы тиімді географиялық орналасуы, қаржыинфрақұрылымы және ірі халықаралық жобаларды іске асыру тәжірибесіқызықтырады. Сонымен қатар Қазақстанның инвестициялық саясатыреттеудің болжамдылығын одан әрі арттыруға және инвесторларға ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайқалыптастыруға бағытталған.
Осы тұста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты әрі түсінікті бизнесортасының маңызын бірнеше рет атап өткенін еске алған жөн. Соныңнәтижесінде Қазақстан халықаралық компаниялар үшін Орталық Азиядағыең ірі әрі ең дамыған инвестициялық алаңға айналып отыр.
Үшіншіден, халықаралық бағалаулар бойынша Қазақстан экономикалықкүрделілік пен экономикалық еркіндік рейтингтерінде Орталық Азиядағыөзге елдерден жоғары орында тұр.
Бұл көрсеткіштер маңызды, өйткені олар өндірістік құзыреттердің дамудеңгейін, бизнес ортаның сапасын және нарықтық институттардың жай-күйінкөрсетеді.
Экономикалық күрделілік индексінде Қазақстан әлем бойынша 55-орында тұр және өңірдегі басқа мемлекеттердің бәрінен едәуір алда келеді. Бұлрейтинг экономиканың технологиялық тұрғыдан күрделі өнім өндіру жәнеэкспорттау қабілетін, сондай-ақ өндірістік және өнеркәсіптік әлеуеттіңдеңгейін бағалайды.
Ал Экономикалық еркіндік индексінде Қазақстан 68-орында. Бұл рейтингтіжасау кезінде меншік құқығын қорғау, мемлекеттік реттеудің тиімділігі, экономиканың ашықтығы және бизнесті жүргізу жағдайлары ескеріледі.
All China Review авторлары Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық позициясыэкономикасының ауқымы мен құрылымына, институттарының сапасына жәнеұзақ мерзімді капиталды тарту қабілетіне негізделгенін атап өтеді.
Еліміз мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, нарықтық институттардынығайтып, инвесторлар үшін жағдайды жақсартып келеді. Бұл бағыттаКонституциялық реформаның да ықпалы зор. Өйткені ол басқару тиімділігінарттырып, елдің ұзақ мерзімді институционалдық негізін күшейтеді.
Осының барлығы халықаралық инвесторлардың қызығушылығын арттырыпотыр.
Инвесторлар үшін инвестиция салудағы негізгі өлшемдердің қатарындареттеудің болжамдылығы, меншік құқығының қорғалуы және экономикалықсаясаттың тұрақтылығы бар. Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар дәлосы талаптарға жауап береді. Сондықтан елімізге шетелдік бизнесбұрынғыдан да көбірек келіп, инвестиция көлемі артып келеді.
Жалпы алғанда, Қазақстан – Орталық Азиядағы сөзсіз көшбасшы. Алөңірдегі басқа елдердің бұл деңгейге жетуі үшін әлі талай жыл қажет.
Abai.kz