Бакудегі құпия кездесу: Берлин не жоспарлауда?
Еуропа мен ТМД баспасөзі шулап жатқандай, Азербайжан астанасында Украинадағы соғысты тоқтату төңірегінде өте құпия келіссөздер өтті деген сыбыс тарады. Алайда, Киев пен Москва бұл ақпаратқа бірдей сап-салқын реакция білдіріп, «мәні жоқ» деп жылы жауып қойғысы келетіндей.
Анық-қанығы қалай өзі? Келіңіздер, талдап көрейік:
Бакуге кімдер келген?
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің айтуынша, The Times басылымы жазғандай, 12 шілдеде Бакуге Германиядан да, Ресейден бұрынғы шенеуніктер біртүрлі сәйкестікпен ұшып келген:
- Германия тарапынан: Меркельдің бұрынғы канцелярия басшысы Рональд Пофалла мен Маттиас Платцек.
- Ресей тарапынан: Бұрынғы премьер-министр Виктор Зубков пен РФ Президенті жанындағы Адам құқықтары кеңесінің төрағасы Валерий Фадеев.
Әлиев Бакудың бұл кездесуден хабарсыз болғанын және территорияның "бейресми алаң" ретінде пайдаланылғанын растап отыр.
Украина: «Мәні – нөлге тең!»
Украина Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихийдің бұл «құпия» кездесуге қатысты пікірі қысқа әрі нұсқа болды:
«Бұл кездесу қаншалықты құпия болса, соншалықты маңызсыз. Кейбір адамдар кездесіп, бірдеңе жайлы сөйлескен шығар. Украина тарапы олардың ешқайсысына өкілеттік берген жоқ. Ондай кездесулердің шынайы бейбітшілік процесі үшін маңызы – нөлге тең».
Кремльдің жауабы: «Хабарым жоқ»
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та бұл жағдайдан мүлде бейхабар екенін айтып, «ешқандай ақпаратым жоқ» деп қысқа қайырды.
Сонда бұл не болды? Ресми мемлекеттер «біз қатысқан жоқпыз» деп бас тартқанымен, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің Бакуде бас қосуы жайдан-жай емес екені анық. «Екінші трек» дипломатиясы ма, әлде жеке азаматтардың бастамасы ма?
Осы туралы пікіріңізді Abai.kz ақпараттық порталының Telegram-дағы парақшасына жазыңыз...
Abai.kz