Жұма, 31 Шілде 2026
488 0 пікір 29 Шілде, 2026 сағат 00:23

Атырауда «Әділет» партиясы мұнай-газ саласының өкілдерімен пікір алмасты

Cурет: «Әділет» партиясынан алынды.

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына барып, өңірдегі ірі кәсіпорындардың ұжымымен кездесті. Партия өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытының, TEXOL зауытының және «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен жүздесіп, саланың өзекті мәселелерін талқылады.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Түркістан мен Маңғыстау облыстарынан кейін «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Атырау облысына ат басын бұрды. Бұл өңір - елдің мұнай-газ өнеркәсібінің негізгі орталықтарының бірі, сондықтан Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Аймақта еліміздегі ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі орналасқан. Атырау мұнай өндіру көлемі жөнінен республикадағы жетекші аймақтардың бірі.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Мұнда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар, теміржол техникасы және басқа да өнеркәсіптік өнімдер шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді. Осыған байланысты партия кандидаттары өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтармен кездесуге басымдық берді.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Кәсіпорын ұжымдарымен өткен жиындарда жұмысшыларды өнеркәсіптің даму перспективалары, отандық өндірушілерді қолдау тетіктері, білікті кадр тапшылығы, еңбек қауіпсіздігі және өндірісте заманауи технологияларды енгізу мәселелері қызықтырды.

Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Рауан Кенжеханұлы, Үнзила Шапақ, Жанарбек Әшімжанов және Арман Хайруллин «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Партия өкілдері бағдарламаның экономиканы дамыту, өндірісті жаңғырту, отандық бизнесті қолдау, жаңа салаларға қажетті мамандар даярлау және өңірлердің әлеуетін арттыру бағыттарына негізделгенін атап өтті. Бұдан кейін кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен ашық пікір алмасып, жұмысшылар тарапынан көтерілген ұсыныстардың бәрі республикалық сайлауалды штабқа жеткізілетінін айтты.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Кандидаттардың сөзінше, өндіріс орындарында айтылған мәселелердің басым бөлігі партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Атап айтқанда, қуатты әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру, жаңа технологияларды енгізу және еңбек ресурстарын дамыту мәселелеріне ерекше мән берілген.

Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымымен кездесуде партия төрағасы Айбек Дәдебай Атырау облысы - еліміздің энергетика жүрегі екенін атап өтті. Осыған байланысты энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасының он негізгі басымдығының бірі ретінде белгіленген.

Сурет: «Әділет» партиясынан алынды.

Бұған дейін сарапшылар да «Әділет» партиясының бағдарламасына қатысты оң пікірін білдірген болатын. Экономист, Qazaq Expert Club қаржы сарапшысы Саида Тілеуленова бағдарламаның экономикалық бағыттары қазіргі әлемдік даму үрдістерімен сәйкес келетінін атап өтті.

Сарапшының пікірінше, бағдарламада жеке меншікті қорғау, әділ бәсекелестікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілген.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Abai.kz

0 пікір