Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
719 0 пікір 31 Шілде, 2026 сағат 19:35

Республикалық штаб мүшелері Қарағанды облысында сапарда болды

Сурет: «Ақ жол» демократиялық партиясынан алынды.

Дания Еспаева «СМИТ Центральная Азия» зауытының ұжымымен кездесті. Кәсіпорын ұжымы Дания Еспаеваны зор ілтипатпен қарсы алып, құрмет белгісі ретінде әдемі гүл шоғын сыйға тартты.

Сапар барысында зауыт еңбек ұжымымен кездесу өтті. Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін таныстырып, отандық өнеркәсіпті дамытуға, өндірістік кәсіпорындарды қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсарту, білікті мамандарды даярлау және отандық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері жеке талқыланды. Партия өкілдері нақты экономика секторларын дамыту және ұлттық өндірісті қолдау «Ақ жол» бағдарламасының басты бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын жұмысшылары партия өкілдерімен өнеркәсіп, экономика және отандық бизнесті одан әрі дамыту жағдайларына қатысты өзекті сұрақтарды талқылады.

Жиын қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығы Дания Еспаеваға мазмұнды әрі ашық әңгіме үшін алғыс айтып, еңбек ұжымдарымен тікелей қарым-қатынас жасаудың және өндіріс саласының мәселелеріне көңіл бөлудің маңыздылығын атап өтті.

Ескерту: Материалдың ақысы «Ақ жол» - Қазақстанның демократиялық партиясының сайлауалды штабы қорынан төленді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2290
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567