«Тәңірші қазақтың» бір тамшы ойы...
Қазақ халқының Тәңірлік сенімі, тәңірлік көзқарасы тарихпен бірге жойылып кеткен жоқ.
Ол қазақ халқының тарихи жадында сақталып қалды.
Оны осы уақытқа жеткізген - қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары мен тиымдары, аңыз-әпсаналары, жырлары, мақал-мәтелдері...
Бүгінде, қазақ дәстүрін «діни тұрғыда бірегейлендіру» мақсатымен, біздің дін өкілдері тарапынан салттар мен дәстүрлердің шығу тарихын дінге, немесе, діннің бастауында тұрған пайғамбарлардың, олардың сахабаларының өмірін мысалға алып, содан тарқатуға күш салып жатыр...
Ал, кейбір, дімен үйлеспейтін ұлттық дәстүрлер мен қүндылықтарды - ашықтан ашық қаралап, оны қазаққа жат етіп көрсетуге тырысуда.
Осы жағдайда, бұл мәселені тек терең философиялық анализді, терең талдауды алға салып қана - ақиқатқа қол жеткізуге болады.
Ескеру керек, философия қандай да дінді теріске шығармайды.
Ол оның тарихи орнын анықтай отырып, діннің өркениеттік, болмаса, кері кетушілік функцияларын ажыратады.
Дінді тарихи тұрғыда сараптай отырып, дінді «қоғам санасы форматында» қарастырады.
Сонда, философияның көмегімен кез келген дін өзін
«Тек біз ғана Құдайдан түскен едік» деген астамшыл ойдан арылып, өзінің белгілі бір тарихи кезеңдегі қоғамдық сана дамуының жемісі екенін мойындайды.
Сөйтіп, бір дін ерте, бір дін кеш пайда болғанының себебі туралы өздері де пәлсапалық білімге қол жеткізеді.
Ал, философиядағы СУБСТАНЦИЯ ретінде берілген ҚҮДАЙ ұғымы, сөйтіп, барлық дінге, жалпы адамзатқа ОРТАҚ ұғымға айналады.
Бұл - бүгінгі діни толерантылықтың қайнар бастауы болып шығады.
Тәңір, Авеста, Исуус, Алла, Будда және т.т. құдайлар - түп-тамыры бір, субстанциялық мағынада болып қабылдана бастайды.
Ақыл иесі - адамзат әлемдегі жеке-дара құбылыс!
Ендеше, жеке-дара Адамзаттың Бір ғана Жаратушысы бар, болуы тиіс.
Ол - аттары бөлек болса да, заты бір Құдай!
Осыны ұғатын кез келді...
Әбдірашит Бәкірұлы, философ
Abai.kz