Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3351 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 06:02

Біз – қазақпыз! Біз – орыс емеспіз!

Қазақ ұлтының қас «досы» импершіл «Русские в Казахстане» веб-сайты осы аптада бізді екі мәрте «қуантты». Халқының саны азайып, арақ пен есірткіден қырылып жатқан Ресей өзінің барлық ішкі шаруасын шешіп алғандай қасындағы кеңістікке әлі де болса көзін қайта-қайта алартып отыр. Оның дәлелі ретінде төмендегі мысалдарды келтіре аламыз.

Бірінші мысал.

«Интерфакс-Религия» ақапарттық агенттігінің ақпаратына сенсек, Ресейдің жақында сайланған патриархы Кирилл Мәскеуде өткен Орыс әлемінің үшінші Ассамблеясында саяси айналымға жаңа терминді ендірді. Оның пікірінше, британ қауымдастығы сияқты орыс тілі мен мәдениеті біріктірген кеңістіктің барлығын «орыс әлемінің елдері» деп атау керек екен.

Әрине, дейді Қасиетті әкей, ол елдерді өкінішке орай бұрынғыдай ортақ мемлекеттік шекара біріктіріп отырған жоқ, алайда «бұрынғы Кеңес елдері өздерінің орыс әлеміне деген өркениеттік жақындығын ұмытпағаны жөн!» Оның ойынша, «аталған елдердің барлығы да орыс әлемін жалпыға бірдей, баршаға ортақ ұлттан да биік (наднациональный) жоба деп қарастыруы керек».

Бұл мақсатқа жету үшін, дейді патриарх мырза, Ресей қоғамы мен билігі бірнеше деңгейдегі жұмыстарын жандандыруы қажет. Ең алдымен аталған елдердің элиталарымен қоян-қолтық жұмыс істеп, тығыз қарым-қатынас орнату басты міндет. Ақпараттық және мәдени байланыстарды нығайта түсу абзал екен. Ол аз болғандай православтық дінбасы «осы елдер сыртқы саясатты жүргізген кезде соборлық (көпшіл) принципті сақтағаны дұрыс, «орыс әлемі елдерінің» бірде-бірінің әлемдік аренада өзі бетінше қимылдауы мүмкін емес» көрінеді.

«Абай.кз» ақпараттық порталы: Бұған не дейміз? Оттапсыз, қасиетті әкей! - дейміз. Қасиетіңді қайтейік, кәп-кәдімгі импершіл саясаткердің өзі екенсің сен! Марксшілдер «дін - апиын» деуші еді. Сөйтсек нағыз апиынымыз - импершіл сана екен ғой!

Енді ғана үш ғасырлық бодандықтан шығып, тәу еткен тәуелсіздігіне жеткен қазақ ұлты енді ешқашан Ресейдің отары болмайды! Біз - қазақпыз! Біз - орыс емеспіз және ешқашан орыс болмаймыз! Оған мына мәңгі көк аспан мен бабалардың қаны тамған қара жер куә! Бізге шегінер жер жоқ: тәуелсіз қазақ мемлекеті боламыз не болмаса жойыламыз. Басқа таңдауымыз жоқ!

Екінші мысал.

Жоғарыда айтылған жиында сөйлеген сөзінде Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Яковенко ТМД елдерінің барлығында орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін алып беріп, сол үшін қолда бар мүмкіндіктердің барлығын пайдаланып, аянбай жұмыс істеу керек деген мәлімдеме жасады.

Ресей дипломатиясының ресми өкілі дүниеге орыс тілін тарату мақсатында 72 елде, 52 Орыс ғылымы мен мәдени орталықтары мен Ресейқарымқатынас ұйымының орталықтарының қарқынды жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Алайда Ресей СІМ басшылығы өз жұмысының басты бағыты ретінде ТМД елдері болып табылатынын жасырмады. Яковенконың айтуынша, бұл бағытта Ресейдің ресми және бейресми ұйымдары жергілікті жерлердегі отандастарды топтастырып, оларды қаржыландыру арқылы орыс тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне жетуіне ықпал ету қажет-мыс.

«Абай.кз» ақпараттық порталы: Бұған да жауабымыз жоғарыдағыдай. Сіз де сандырақтайсыз, дипломат мырза! Ресей дипломаттары жиырма-отыз жыл өтіп, еліміздегі орыстардың саны 5-6 пайызға жеткен кезде де қазекеңдер бұрынғысынша орысша шүлдірлеп, орыс мәдениетіне ғана тәнті болады деп ойласа, олардың ойлау қабілеттері күрт төмендеп, көздерін шел басқан екен. Қазақ ұлты ешқашан да өзінің ұлтсыздануына, тілсізденуіне бағытталған, ақырында тәуелсіз мемлекеттігінің жойылуына апаратын қадамдарға жол бермейді. Бүгінгі қазақ социумі ішіндегі үнсіздік - уақытша құбылыс. Бұл өзінің жеңісіне, болашағына кәміл сенген көпшіліктің байыпты, байсалды ұстанымы ғана. Алайда, байсалдық пен төзімнің де шегі болатынын ешкімнің естен шығармағаны абзал...

Ең бастысы қазақ ұлты - абсолютті көпшілік деңгейінен асып барады. Қалай болғанда да, көп өзінің көптігін жасайды, жасамай тұрмайды. Болашақтағы қазақ жастары орыс тілінен гөрі ағылшын тіліне жақын болады. Қытайдың жақындығы еліміздегі қытай тілін үйреніп, оны білушілердің санын сөзсіз арттырады. Алайда қазақ тілі өзінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін арттыра береді. Ендігі уақытта қазақ тілін жою үшін алдымен қазақ мемлекеттігін жою керек болады. Қазақ мемлекеттігін жою үшін - қазақ тілін жою керек. Бұл екеуі - болашақта бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын егіз ұғым! Сондықтан тәуелсіз мемлекеттігіміз бен оның басты нышандарының бірі - ана тілімізге абай болайық! Оларды ерекше қастерлейік, құрметтейік!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343