Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 573 0 пікір 26 Тамыз, 2026 сағат 14:30

БАҚ: БАӘ-де Қазақстанның екі азаматы қаза болды

Сурет: ria.ru сайтынан алынды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Шаржа қаласында Қазақстанның екі азаматы – апалы-сіңлілі екі қыз бала қаза болды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі олардың қазасын растады, бірақ себебін әзірге айтпады.

Туыстарының айтуынша, қаза болған Ақжан және Жұлдыз Боханова 2006 және 2004 жылы туған. Екі қыз бала ақша табу үшін БАӘ-ға барған және осы қыркүйекте үйлеріне қайтуы керек болған. Бірақ бір апта бұрын олардан хабар үзілген.

«Бізге екі мәйіт табылғанын және біздің жақындарымыз екенін айтты. Оларды өлтірген. Күдікті де ұсталғанын, ол да Қазақстаннан екенін айтты», - деді туыстары Tengrinews-ге.

Қазақстан СІМ мен ІІМ бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 989
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 918