Бейсенбі, 5 Қараша 2026
Жаңалықтар 740 0 пікір 1 Қыркүйек, 2026 сағат 14:11

Қазақстанда Orda.kz басылымы жабылды

Сурет: Orda.kz телеграм арнасынан алынды.

Казахстандық Orda.kz ақпараттық басылымы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын тоқтатады.

Бұл туралы редакция өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Ақпараттық ресурстың өзі де, онымен байланысты әлеуметтік желілердегі парақшалар, соның ішінде YouTube-арнасы да жабылады.

Редакция бұл шешімге қаржылық қиындықтар себеп болғанын түсіндірді: басылым тапқан кіріс оны әрі қарай ұстап тұруға жеткіліксіз.

«Қабылданған шешімнің ешқандай астары жоқ: редакция тапқан қаражат оны қамтамасыз етуге жетпейді. Осы жағдайға алып келген басқа ешқандай себеп жоқ», — делінген редакцияның мәлімдемесінде.

Abai.kz

0 пікір