Дәрі-дәрмек өндірісіне 400 млрд теңге бөлінеді
Қазақстан отандық дәрі-дәрмек өндірісіне 400 миллиард теңгеге жуық инвестиция құяды.
Елде биопрепараттарды қоса алғанда, дәрілік заттардың 500-ге жуық түрін шығару және 1200-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялармен сегіз инвестициялық келісімге қол қойды. Инвестицияның жалпы көлемі 391,3 миллиард теңгені құрайды. Жобалар аясында дәрілік заттардың 494-ке жуық түрін өндіру және 1,2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.
Кім өндіреді және нәтиже қашан болады?
Жобаларға сегіз фармкомпания қатысады, ал 2030 жылдан бастап келісімдерде қарастырылған өндірістің шамамен 26%-ы биотехнологиялық препараттарға тиесілі болуы тиіс.
Не нәрсеге басымдық беріледі?
Биопрепараттар, вакциналар, диагностикалық және геномдық технологиялар, қан препараттары, радиофармацевтика, жасушалық және гендік технологиялар басты басымдыққа айналады.
Қазақстан отандық және шетелдік технологияларға арқа сүйейді
Қазақстан отандық биотехнологияларды дамытумен қатар, өндірісті біртіндеп оқшаулау (локализация) және мамандарды оқыту арқылы шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуды көздеп отыр.
Мұның бәрін кім жүзеге асырады?
Саланы дамыту үшін биоинженерлерді, сондай-ақ биопроцестер, биофармацевтика, геномика, жасушалық және гендік технологиялар, сапаны бақылау және басқа да бағыттар бойынша мамандарды даярлау жоспарлануда.
Ғылыми әзірлемелерді өндіріске қалай айналдыруға болады?
Биотехнологияларды дамытудың 2036 жылға дейінгі стратегиясы ғылыми әзірлемелерді зертханалық зерттеулерден бастап іс жүзінде қолдануға және өнеркәсіптік өндіріске дейін жеткізуге мүмкіндік беретін жүйені қалыптастыруы тиіс.
Abai.kz