Сәрсенбі, 4 Қараша 2026
Жаңалықтар 718 0 пікір 2 Қыркүйек, 2026 сағат 16:12

Мұхтар Тілеуберді – ҚР СІМ басшысы болды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», - деп жазылған Президент Жарлығында.

Осыған дейін ол 2023 жылдың тамызынан бастап Қазақстанның Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ ҚР-ның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйегінде Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ал 2021 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі болды.

Abai.kz

0 пікір