Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Жаңалықтар 725 0 пікір 2 Қыркүйек, 2026 сағат 16:18

Көшпенділер ойыны: Қоржынға 2 алтын түсті...

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медальді қоржынға салды.

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды. Ал 70 келіде сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда алаң иелерінің өкілін 2:1 есебімен ұтып, алтын жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстан құрамасының бұл дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.

Аударыспақ туралы:

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Айта кетейік, биылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еліміздің намысын 150-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Дереккөзі: Қазақпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1124
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1558