Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 122 0 пікір 3 Қыркүйек, 2026 сағат 15:50

Қазақстан мен Лаос саяси диалогты нығайтпақ

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан Лаоспен Сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар тетігін іске қосуға мүдделі. Бұл туралы Лаос Президенті Тхонглун Сисулитпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

— Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде біз бірлескен мәлімдемені қабылдаймыз. Жаңа ғана біз бірқатар өте маңызды мәселе бойынша пікір алмастық. Өте мазмұнды кездесу болды деп айтуға болады. Енді уағдаластықтарды ойдағыдай, толығымен жүзеге асыруға бәріміз бір ұжым ретінде кірісеміз. Бұл құжат Қазақстан мен Лаос арасындағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын айқындайды. Біз екіжақты саяси диалогты нығайта түсуге зор мән беріп отырмыз. Осы орайда Сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар тетігін іске қосуға мүдделіміз. Парламентаралық және партияаралық ынтымақтастықты нығайту маңызды. Бұл мәселе бойынша біз бүгін пікір алмастық, келісім бар, пәтуаға келдік. Осыған байланысты парламентаралық достық топтарын құру және делегациялардың өзара байланысын жолға қою қажет деп санаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Лаос арасындағы экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытуға әлеует толық жететінін баса айтты.

— Біз сауда, энергетика, цифрландыру, көлік және логистика, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да бағыттардағы ықпалдастықты күшейтуге мүдделіміз. Осы арқылы мемлекеттік деңгейдегі және іскерлік ортадағы өзара іс-қимылды жандандыра аламыз. Сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзектілігін атап өткім келеді. Мәдениет және білім беру салаларындағы ықпалдастықты бекемдеген жөн. Соның ішінде академиялық алмасулар мен бірлескен зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі мол деп санаймын. Сіздің сапарыңыз серіктестігіміздің тиімділігін арттырып, оны жаңа деңгейге көтеруге жол ашар деп сенемін, — деді Президент.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 663
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 484
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 452