Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 143 0 пікір 3 Қыркүйек, 2026 сағат 15:57

Димаш Тоқаев сыйға тартқан тазысын алғаш рет көрсетті

Сурет: Instagram / kudaibergenov.dimash.

Әнші Димаш Құдайберген Қазақ тазысы күніне орай Instagram парақшасында Мемлекет басшысының сәйгүлігімен және тазыларымен түскен сирек фотосуреттерін жариялады. Өнер иесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзіне тазы сыйлағанын және оған «Ғарышкер» деп ат қойғанын айтты.

Алғашқы фотода әнші қазақстандықтарға жақсы таныс Президенттің «Ақжан» атты тұлпарымен бейнеленген. Димаш Мемлекет басшысының атымен серуендеуді «үлкен мәртебе» деп бағалады. Екінші суретте артистің жанында Президенттің Нэнси және Наурыз есімді тазылары бар. Димаш осындай бірегей кадрлар үшін Президент ТРК-на алғыс білдірді.

3 қыркүйекте Қазақстан алғаш рет Қазақ тазысы мен төбеті күнін атап өтуде. Бұл мереке атаулы күндер күнтізбесіне 2026 жылы енгізілді.

Тазы мен төбет ғасырлар бойы қазақ халқының турмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі болған. Жүйрік тазыларды аңшылыққа салса, алып әрі қайратты төбеттерді төрт түлікті қорып, күзетуге пайдаланған. Тазыға ұқсас иттердің бейнелері көне петроглифтерде де кездеседі.

XX ғасырда екі тұқымның да саны күрт азая бастады. Оларды жойылып кетуден сақтау мақсатында 2023 жылы арнайы заң қабылданды. Қазіргі уақытта асыл тұқымды жүйеде 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Ал төбеттердің нақты саны әлі есептеліп жатыр — бұл үшін мамандар 2026–2027 жылдары өңірлерге арнайы экспедициялар ұйымдастыруда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 663
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 484
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 452