Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 96 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 14:36

«Абайдан – Жүсіпбекке»: саналы тұлға, жауапты қоғам

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі тамыз айында өткен «Абай онкүндігінің» жалғасы ретінде қыркүйек айын «Жүсіпбек айлығына» арнайды.

Тамыз айында республика көлемінде Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясы, рухани мұрасы мен азаматтық ұстанымы кеңінен насихатталды. Енді бұл ағартушылық бағыт Жүсіпбек Аймауытовтың ғылыми-психологиялық мұрасымен жалғасын табады.

Жүсіпбек Аймауытов – қазақ қоғамындағы психологиялық ойдың қалыптасуына үлкен үлес қосқан тұлға. Оның «Психология» және «Тәрбиеге жетекші» еңбектерінде тұлғаның қалыптасуы, тәрбие, мінез-құлық және адам психологиясы мәселелері жан-жақты қарастырылады.

«Жүсіпбек айлығы» аясында бірлестіктің барлық өңірлерінде авторлық лекциялар, «Жүсіпбек оқулары», кітап талқылаулары ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде тұлғалық даму, эмоцияны басқару, сыни ойлау, мінез қалыптастыру және азаматтық сана тақырыптарында арнайы контент жарияланады.

Жобаның басты мақсаты – ұлттық ағартушылық мұраны заманауи қоғамның сұраныстарымен сабақтастырып, өзін танитын, өз пікірін қалыптастыра алатын, саналы әрі жауапты тұлғаның дамуына ықпал ету.

Абайдың «Толық адам» идеясы мен Аймауытовтың психологиялық мұрасы – саналы тұлға мен жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған біртұтас рухани-танымдық жол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 805
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2136
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 540
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 517