Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 78 0 пікір 4 Қыркүйек, 2026 сағат 14:39

Жер ананы сауықтырудың Қазақстан ұсынған жаңа жолы

Сурет: intergas.kz сайтынан алынды.

Бүгінгі таңда ғаламшарымыз шыны шытынаған сағаттай алмғайып халде. Климаттың өзгеруі, шөлсіздеу процесінің үдеуі мен орман-тоғайдың сиреуі — адамзатқа берілген сыбағаның соңғы тұяқ серпер ескертуі іспетті десек артық айтқандығымыз емес.

Осындай адамзат басына қара бұлт үйірілген сындарлы шақта БҰҰ мінберінен әлемге ой саларлық салмақты үн қатылды. Жер анаға таза тыныс сыйлап, жасыл желекпен көмкеру идеясын Қазақстан жаһандық деңгейге шығарды.

Нью-Йорктен соққан жасыл леп

БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен «Халықаралық ғаламшарды көгалдандыру күні» туралы арнайы резолюция қабылдады. Енді жыл сайын 22 сәуір — Халықаралық ғаламшарды көгалдандыру күні ретінде әлем бойынша ерекше аталып өтеді.

Бұл бастаманың тамыры тереңде. Естеріңізде мболса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың күзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында әлем елдерін ағаш егіп, экожүйені қалпына келтіруге шақырған болатын. Арада жыл өтер-өтпесте бұл ұсыныс жаһандық қолдауға ие болып, резолюцияға жер шарының әр түкпіріндегі 32 мемлекет қос қолын көтере бұл үндеуге жандары қалмай қосылды.

Ағаш отырғызу — болашаққа салынған инвестиция

Бұл резолюция — тек ресми құжат емес, бұл — табиғат пен адам арасындағы үзілген байланысты қайта жалғауға жасалған үлкен қадам. Бастаманың негізгі түпкі мәніне көз жүгірте тоқтар болсақ: Экожүйені тиімді қалпына келтіру: Жай ғана ағаш егу емес, тозған жерлерге қайта жан бітіру; Экологтық мәдениетті қалыптастыру: Жасыл желекті қорғауды әрбір адамның күнделікті әдетіне айналдыру; Халықаралық ынтымақтастықты нығайту: Климаттық дағдарысқа қарсы бүкіл әлем елдерінің күшін біріктіруді беймарал аңғарамыз.

«Таза Қазақстаннан» — бүкіләлемдік қозғалысқа

Халықаралық деңгейдегі бұл жағымды бастама елімізде кеңінен қанат жайған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясымен тығыз астасып жатыр. Өз туған жерін көркейтіп, айланасын таза ұстауға ұмтылған қазақ елі тұрғындарының патироттық ішкі ұмтылысы енді бүкіл әлемдік қозғалысқа ұласқаны жаныңды жадыратады.

Бабаларымыз «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп тегін айтпаған. 22 сәуірде отырғызылған әрбір жас шыбық — ертеңгі ұрпаққа қалдыратын ең бағалы мұрамыз, ғаламшарға сыйлаған өмірлік тынысымыз болмақ. Оны тек қазаққа қана емес, бүкіл әлемге алаш ұсынған ұлағатты тәлім болып тарих парағына жазылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 805
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2136
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 540
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 517