Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 250 0 пікір 7 Қыркүйек, 2026 сағат 16:47

Құран жаттап, көлік ұтып алды...

Суреттер: ҚМДБ баспасөз қызметінен алынды.

Ақтөбе қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен республикалық Құран жарысы мәресіне жетті.

«Бұл байқауда тек жүлде алғандар ғана жеңіске жеткен жоқ. Құран үшін жол жүріп келген әрбір қатысушы – жеңімпаз. Күн сайын Құран жаттауға уақыт бөлген шәкірт – жеңімпаз. Баласына Құран үйретуге жағдай жасаған ата-ана – жеңімпаз. Шәкіртінің әрбір әрпін түзеп, әрбір сүресін тыңдаған ұстаз – жеңімпаз. Себебі Құран жолындағы ең үлкен жеңіс – Алланың разылығына ұмтылу. Қасиетті Құранның шарапаты баршамызға жаусын!» деді қариларды марапаттау рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Екі күнге жалғасқан жарыста 1-орынды маңғыстаулық қари Рахымжан Ержанұлы иеленіп, жаңа автокөлікті қанжығасына байлады.
2-орын (5 000 000 тг.) Ұлытау облысынан келген Ахмад Махмадраджабұлына бұйырды. 3-орынға (4 000 000 тг.) Нұртілеу Серікұлы (Қызылорда облысы) лайық деп танылды. 4-орынды (2 000 000 тг.) Бекзат Дулатұлы (Ақтөбе облысы) иеленді. Ал жүлделі 5-орын (1 500 000 тг.) Мансұрхан Сарварханұлына (Қарағанды облысы) бұйырды. Сонымен қатар Құранды мәнерлеп оқу және Құранның 20, 10 парасын жатқа оқу бойынша сайысқа түскен қариларға да қаржылай сыйлық берілді.

Сондай-ақ сайысқа түскен ең жас қарилар – Ахмет Нұрланұлы (ШҚО, 9 жаста) мен Әбділәзиз Әбдулбасит (Қарағанды облысы, 9 жаста) «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша қаржылай (300 000 теңге) сыйлыққа ие болды. Сайысқа еліміз бойынша 80 қари қатысты.

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХV республикалық байқауының бас демеушісі – белгілі меценат, дін жанашыры Аблазимов Бахаридин Нұғманұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 974
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2493
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 678
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 651